Ғимарат қайта өңдеуден өткеннен кейн 2011 жылдың ақпан айынан бастап, 10 топқа есептелген 240 бала контингентімен мектепке дейінгі ұйым ретінде жұмыс істей бастады. Ғимаратта ән-күй мен денешынықтыру залы, психологиялық түзету кабинеті, лингвистикалық кабинет, әдістемелік көмек кабинеті бар. Тоғыз жыл ішінде мектепке дейінгі ұйым ұжымы келесі жетістіктерге жетті: педагогикалық кадрлардың біліктілік дәрежесі, педагогтардың білім беру деңгейі көтерілді. Сонымен қатар педагогтар мен тәрбиеленушілердің көптеген жоғары жетістіктері бар.